{metadescription}
Телефонмен ойнап отырған қызға найзағай түсіп көз жұмды

Телефонмен ойнап отырған қызға найзағай түсіп көз жұмды

Индонезияда найзағай жарқыраған уақытта телефонмен ойнап отырған қыз қаза тапты.

Оқиға 12 желтоқсанда Батыс Ява провинциясындағы ауылдардың бірінде болды. 6 жасар қыз Салсабила Аю Путри найзағай жарқылдап тұрған уақытта телефонын қарап отырады. Бұл уақытта телефоны қуаттағышқа қосылып тұрған.

Найзағай қыз отырған үйге түседі. Қыздың анасы Видия қуаттағышты тоқ нүктесінен жұлып алғанда оның өзін тоқ ұрады. Сол сәтте қызының еденде ес-түссіз жатқанын көреді. Оның оң жақ беті телефонға тиіп жатқан. Анасы қызының беті күйіп, кеудесі қарайып кеткенін көреді.

Әйел көршілерге көмек сұрап барғанымен, ол кез тым кеш еді. Қызы бұл уақытта тыныс алуын тоқтатқан. Полицейлердің мәліметінше отбасы қыздың денесін аршып тексеру жүргізуден бас тартты.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде