Астанада бірден 9 көлік апатқа ұшырады
Астанада жүрек талмасы ұстаған жүргізуші жаппай жол апатына себеп болған.
10:00 15.12.2018
Апат елордадағы Кенесары көшесінде болды. Бір уақытта тоғыз көлік соқтығысқан. 53 жастағы "Chevrolet" жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатқанда денсаулығы сыр беріп, салдарынан сегіз автокөлікке және № 9 бағдардағы автобусқа соғылған.
Көліктер қатты бүлінбеген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Chevrolet жүргізушісінің жүрегі ауырып қалған. Жедел жәрдем көлігі келіп, сырқатты алып кетті. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!