{metadescription}
Астанада іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

Астанада іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

Елордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу операциясын өткізіп, екі күнде 35 қылмыстың бетін ашты.

Құқық қорғаушылар бұл қылмыстардың 14-ін ізін суытпай ашқан. Олар қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған. Сондай-ақ, бұрын жасалған 21 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды, олардың үшеуі өткен жылдардан бастап іздестірілген екен.

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, полицейлер ұстаған қылмыскерлердің бірі – ұрланған затты сатып алушы. 1999 жылы туған күдікті бұрын ұрланған Volksvagen Passat автокөлігінің аккумуляторын сатып алған. Қазір ҚР ҚК 196 бабы, 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, 4 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Олардың қатарында 128 ұсақ бұзақылық фактісі бар, 291оқиға қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішумен байланысты.

Сонымен қатар, 5 көлік жүргізушісі мас күйінде көлік тізгіндегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстанда жүріп-тұру ережелерін бұзу фактілерін де анықтады. Бұндай оқиғалар саны 100-ге жуықтаған, ал Астана қаласы Полиция департаментінің қабылдаушы-бөлуші бөліміне 26 шетелдік азамат орналастырылды.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде