Қазақстандық боксшы қарсыласын 82 секундта ұйықтатты
20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді.
17:44 15.12.2018
Жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіби бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол Канададағы Эдмонтонда өткен жекпе-жекте мексикалық 29 жастағы Элиуд Мелендез Рочты 82 секундта нокаутқа түсірді.
Ахмедов осымен 2018 жылы қатарынан алтыншы кездесуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. 20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіби аренадағы алғашқы жекпе-жегін биыл бастаған еді. Әуесқой бокста Жастар арасындағы әлем чемпионатының 2016 жылғы чемпионы атанған еді. Қазір оның мүддесін канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!