Елдос Сметов Қытайда Masters турнирінде қола медаль алды
Қытайдың Гуанджоу қаласында дзюдодан биылғы маусымның қорытынды турнирі Masters өтіп жатыр.
01:00 16.12.2018
Аталған сынға Қазақстан командасы толық құраммен аттанған болатын. Алғаш болып татамиге шыққан Елдос Сметов 60 келіде қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. Сметов іріктеу кезеңінде АҚШ пен Испания балуандарын жеңіп, өз тобындағы шешуші кездесуде өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевпен кездесті. Қазақ пен өзбек спортшысының арасындағы тартысты белдесу "алтын ұпайға" дейін созылып, Елдос "ваззари" әдісімен басым түсті.
Жартылай финалда Сметов ресейлік Роберт Мшвидобадзеден ұтылып, қола медаль үшін күресте тағы бір ресейлік балуан Ислам Яшуевті жеңді. 60 келіде күрескен Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда жеңілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!