Канело Головкиннен кейінгі қарсыласын нокаутқа жіберді
Жекпе-жек кезінде «Канело» Головкиннен кейінгі қарсыласы Филдингті төрт рет нокдаунға жіберді.
13:57 16.12.2018
Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) британиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасты. Екінші орта салмақта өткен жекпе-жекте «тұрақты» әлем чемпионы белдігі сарапқа салынды. Кездесу үшінші раундта техникалық нокаутпен – Альварестің жеңісімен аяқталды.
Осылайша «Канело» жаңа дивизионда әлем чемпионы атанып, кәсіпқой бокстағы 51-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рокки екінші жеңілісінің ащы дәмін татты.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары