Қолтырауын асқазанынан адамның дене мүшелері табылды
Замбияда жергілікті билік халықтың зәре-құтын қашырған қолтырауынның ізіне түсіп өлтірді.
15:32 17.12.2018
Бұл оқиға елдің солтүстігіндегі Луапула провинциясында орын алды. Жергілікті халық жабайы табиғат және ұлттық парктер департаменті өкілдерінен қолтырауын 18 жастағы қызды өлтіргеннен кейін жабайы жануардың көзін жою бойынша көмек сұраған.
Прешес Каунда рептилияның құрбанына айналған. Ол ата-анасының рұқсатынсыз достарымен өзенге шомылуға кеткен кезде қолтырауын оған шабуыл жасаған. Өлтірілген қолтырауынның асқазанынан бойжеткеннің сол аяғы табылған. Сонымен қатар, болжам бойынша балықшының да дене қалдықтары анықталған.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!