{metadescription}
Түркістан облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды

Түркістан облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды

Өңірде өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасына 700-ден аса полиция мен мен басқа да қызметтердің өкілдері қатысты.

Нәтижесінде полицейлермен жалпы 104 қылмыс ашылды. Оның ішінде 19-ы бұрын жасалған қылмыс. Сондай-ақ іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, есірткіге қатысты 2 күдікті ұсталып, 3 азаматтан заңсыз қару тәркіленді. Шара барысында полицейлер жалпы 3 196 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, қоғамдық орындарда мас күйде болған және ішімдік ішкен 147 ұсақ бұзақылықты тіркеді.

ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 127 жайт тіркеліп, 5 адам арнайы қабылдау орнына жөнелтілді. Ал, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 600-ден астам жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты асырған 81 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетуіне қатысты 14 оқиға тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде