Полицей жылдық көрсеткішті жақсарту үшін деректерді бұрмалаған
Қызылорда облысы прокуратурасы полиция қызметкерінің көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегін анықтады.
14:15 18.12.2018
Жергілікті криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартуға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Осылайша қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен. Жалған куәгердің көрсетуі бойынша полиция қызметкері осы айла-шарғыға қатысқаны үшін сыйақы беруді уәде еткен.
«Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған. Соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 416-бабы 3-бөлімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерінің бас бостандығы екі жылға шектелді. Үкім заңды күшіне енді», - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!