Смартфондарды қуатсыздандыратын вирус анықталды
Аккумулятордың тез отыруына «себепкер» зиянды бағдарламаны анықталды.
16:13 18.12.2018
Sophos компаниясының киберқауіпсіздік саласындағы зерттеушілері Android басқаруынағы құрылғыларына арналған аккумулятордың тез отыруына «себепкер» зиянды бағдарламаны анықтады.
Зиянды бағдарламалық вирус Google Play дүкендеріндегі бірнеше сервисте анықталып, Andr/Clickr-AD деген атауға ие болды. Зақымдалған қосымшалардың ішінде жарнамалық сілтемелерге өтуді басқаратын және қосымшаның қосылу болу-болмауына тәуелсіз жұмыс жасайтын шерткіш бар болған. Оның тұрақты түрде іске қосылуы аккумулятордың тез қуатсыздануына алып келген. Екі миллионға жуық рет жүктелген 20-дан астам қосымша зақымдалғаны анықталды.
Қаскөйлер өз бағдарламаларын жарнама берушілерге iOS-қосымша ретінде таныстыруы олардың табысын ұлғайтуға алып келген. Қазіргі уақытта зақымдалған бағдарламалар Google Play-ден жойылды. Сарапшылар антивирустар қолдануға кеңес берді, ал зардап шеккендерге телефонның бастапқы зауыттық қондырғыларын орнатуға кеңес берді. Алайда, мұндай тәсіл құрылғыдағы барлық ақпараттың қшуіне алып келетіні баршаға мәлім.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!