Ақтауда үйдің жертөлесінен адам сүйектері табылды
Ақтауда пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары үйдің жертөлесінен адамның сүйектерін тапты.
09:55 19.12.2018
Оқиға 12 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 08:00-де болған. "Ғалия" пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары 7-ші шағын аудандағы №8 үйдің жертөлесін тазалап жатып, адамның сүйектерін тауып алған. Олар бірден оқиға орнына полиция шақырады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Еске сала кетсек, Ақтауда шілде айында қоқыс контейнерінен ер адамның денесі табылған еді. Сондай-ақ, үйлердің бірінен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!