{metadescription}
Таразда әйелі сотталған күйеуіне есірткі салып әкелген

Таразда әйелі сотталған күйеуіне есірткі салып әкелген

Тараздағы колониялардың бірінде күйеуімен кездесуге келген әйел шошқа майының арасына есірткі салып әкелген.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері әйелдің өзімен бірге алып келген азық-түлігіне тексеру жүргізген. Олардың арасында болған шошқа майының ішінен фольгаға оралған алты түйіншек табылған.

«Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грам болатын наша екені анықталды», - делінген хабарламада.

Мереке күндері тіркелген факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.