{metadescription}
Илья Ильин Катарда халықаралық турнирге қатысады

Илья Ильин Катарда халықаралық турнирге қатысады

Бүгін Катарда ауыр атлетикадан лицензиялық турнир басталады.

Катар астанасы Дохада 19-23 желтоқсан аралығында "Катар кубогы" халықаралық турнирі өтеді.Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі халықаралық кубокте бақ сынайтын спортшылар тізімін жариялады. 

Дохаға биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арли Чонтей (61 кг), Игорь Сон (61 кг), Рио олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харки (67 кг), Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Казов ( 81 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), допинг дауынан кейін спортқа қайта оралған Илья Ильин (109 кг), Карина Горичева (64 кг) және Раушан Мешітханова (87 кг) аттанған.

Катардағы халықаралық жарыс Олимпиада ойындары қарсаңында рейтингілік ұпай сыйлайтын маңызды додалардың бірі. Турнир олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде