{metadescription}
Вагонда болған өрттен ер адам қаза тапты
Қостанайда дөңгелек жөндейтін шеберханалардың бірінде болған өрттен ер адам мерт болды.
08:55 20.12.2018
«Шағын вагонның ішінде ағаш қаңқа мен қабырға өртенген. Ондағы екі ер адам эвакуацияланды. Бірақ олардың бірі - 56 жастағы ер адам ыстан уланып қалғандықтан сол жерде көз жұмды», - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендердің екіншісі ауруханаға жеткізілген. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт жерге төгілген көлік майынан басталған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!