Алматыда жүріп келе жатқан автобус өртеніп кетті
Алматыда жүріп келе жатып, өртене бастаған автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
10:18 20.12.2018
Зардап шеккендер туралы хабар жоқ. Автобустың арт жағы отқа оранғанда Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында тоқтап, ішінен жолаушылар қашып шыға бастады.
Оқиға куәгері автобустың жана бастаған сәтін алматылық Instagram топтардың бірінде жариялаған екен. Желі қолданушылары жолаушылар автобустан жанталаса шығып жатқанда, жүргізуші өртті сөндіру үшін ешқандай әрекет жасамады деп ашуланды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!