{metadescription}
Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды
Ақмола облысының Степногор қаласында үсіп қалған ер адамның денесі табылды.
14:42 20.12.2018
Ведомствоның мəліметіне қарағанда, ер адамның мәйіті желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Степногор қаласындағы көшелердің бірінде табылған. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адамның жасы 40-50 жас шамасында жəне суықта қатып қалған.
«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ер адамның аты-жөні анықталуда», - деп түсіндірді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!