Игорь Сон Катарда ауыр атлетикадан күміс еншіледі
Катардың Доха қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық турнир басталды.
18:36 20.12.2018
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына бір күміс түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді.
Ол жұлқа және серпе көтеруден де екінші орын алғанын айта кету керек. Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Арли Чонтей төртінші орынды қанағат тұтты. 67 келідегі Фархад Харки де үздік төрттікте. Еске сала кетейік, Дохада осымен бесінші рет өтіп жатқан халықаралық турнир Олимпиада қарсаңында ұпай үлестіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!