Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?
Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскен.
13:31 21.12.2018
Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды деп жазады Baq.kz.
Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:
Теңіз және жағалау жүк көлігі - 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),
Еңбекпен қамту - 563 449 (109,4%-113,1%),
Су көлігі - 560 818 (101,4% – 97,2%),
Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру - 505 020 (108,2%-95,2%),
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет - 499 228 (112,4%-116,2%),
Құбыр желісі бойынша тасымалдау - 472 658 (121,7% – 115,8%),
Әуе жолаушылар көлігі - 417 865 (96,8% – 114,8%),
Әуе көлігі - 414 931 (97,1% – 114,5%),
Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%),
Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету - 374 188 (86,9-136%).
Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандарына:
Бастауыш білім (бірінші сатысы), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету, тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету, білім беру, жоғары білім, ветеринарлық қызмет кірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!