Алматыда тепловоз адамды басып кетті
Қайғылы оқиға желтоқсанның 21-і күні кешкісін Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында болған.
11:54 22.12.2018
Темір жол өткелі үстінде өтіп бара жатқан ер адамды тепловоз басып кеткен. Ер азамат аяғынан айырылған. Зардап шеккен кісінің көмек сұраған дауысын естіген өзге адамдар жедел жәрдем шақырып, оны жергілікті ауруханаға жеткізген.
Қазіргі таңда полиция төтенше оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатыр. Еске салайық, 8 желтоқсан күні Пришахтинск қаласында тепловоз ер адамның басын жұлып әкеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!