{metadescription}
Футзалдан Қазақстан кубогын Ақтөбе иеленді
Футзалдан Қазақстан кубогының жаңа иегері "Ақтөбе" болды.
16:46 22.12.2018
Турнир финалы Щучинск қаласында өтті, команда рудныйлық "Аятты" 2:1 есебімен ұтты. Айта кетейік, "Ақтөбе" биылғы турнирде жеті жыл қатарынан чемпиондықты бермей келе жатқан "Қайратты" жеңді де, алматылықтарды финалға өткізбеді. Бұл өзіндік сенсация болды.
"Ақтөбе" үшін бұл алғашқы кубок. Команда келесі жылы футзалдан Чемпиондар лигасына қатысады. Ал "Қайрат" талдықорғандық "Жетісуды" жеңіп үшінші орын иеленді.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!