Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан «Люксембург кубогінде» күміс иеленді
22-23 желтоқсан күндері көркем гимнастикадан «Люксембург кубогі» халықаралық турнирі өтті.
15:26 24.12.2018
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, аталған сынға Қазақстан атынан Айдана Сарыбай мен Даяна Әбдірбекова қатысқан болатын. Көпсайыс нәтижесі бойынша, Айдана Сарыбай екінші орын иеленді. Ол доп жаттығуымен 1-ші орыннан көрінсе, таспамен жаттығуда үздік төрттікке енген.
Азиада чемпионы Даяна Әбдірбекова көпсайыста 4-ші орын алды. Даяна шығыршықпен және ұршықпен жаттығуда финалға жетіп, екеуінде де төрттіктен көрінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!