{metadescription}
Өскеменде су қоймасының жанынан екі адамның мәйіті табылды
Өскеменде «Бұқтырма» су қоймасының жанына екі азаматтың өлі денесі табылды деп жазады.
21:00 24.12.2018
Оқиға 23 желтоқсанда Казнаковка өткеліне таяу маңда болған. Адамдардың денесін Самар ауылының тұрғыны тауып хабарлаған.
«Полицейлер мәйіттің Өскемен азаматтарының денесі екендігін анықтады. Олар улы газбен уланған болуы мүмкін», - деді өңірдегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...