{metadescription}
Арқанжолдағы апаттан 20-дан астам адам зардап шекті
Колумбияның астанасы Боготе қаласындағы арқанжолда болған апат салдарынан 25-ке жуық адам түрлі жарақат алған.
13:49 25.12.2018
Бұл туралы дүйсенбі күні El Tiempo газеті хабарлады. Арқанжолдың кабинасы бөгеуішке соғылып, қирап қалды, ал оның ішінде болған 20 адам жарақаттанған.
Оған қарсы келе жатып, соғылған кабинадағы бес адам да зардап шекті. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!