Адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіруі мүмкін екенін айтты
Бүгін Алматы қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды.
14:23 25.12.2018
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдалым барысында Денис Теннің анасы Оксана Теннің қорғаушысы істі қайта қарауды сұрады.
«Денистің анасы екеуіміз 38 томдық істі қарай келе қарама-қайшылыққа толы 14 деректі таптық. Ол деректер бұл қылмыстың тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан, ол тұлғаларды да жауапқа тарту үшін аталған істі бөлек өндіріске бөлу мақсатында прокурорға қайта қарауға жіберуді сұраймыз»,- деді Оксана Теннің өкілі Нұрлан Өстеміров.
Процессуалды прокурор Қуандық Досов істі қайта қарау туралы талап арызды қанағаттындырмауды өтінді. Судья аталған талап-арызды кеңесу бөлмесінде шешетінін айтты. Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!