Павлодардағы көпірде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Павлодарда Honda Stepwagon көлігі мен автобус соқтығысып, ссоның салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.
18:34 25.12.2018
«24 желтоқсан күні сағат 18:04-те Павлодар-Шарбақты күре жолындағы көпірде Honda Stepwagon көлігі мен Volvo қалалық маршруттық автобусы соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.
«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті департамент өкілдері.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!