{metadescription}
Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

Синоптиктер қаңтардағы ауа райына болжам жасады

Мамандар 2019 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Казгидромет» мамандарының болжамына сәйкес, қаңтар айында оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік шығыста орташа ауа температурасы қалыптан 1°С-қа жоғары болады. Өзге аймақта қалыпта жуық болады.

Ай бойы республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Тек үшінші онкүндіктің басында күн суыта бастайды. Синоптиктер ауа райының өзгеруіне байланысты болжамға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтады. Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа райы айтарлықтай суытпайды. Ауа температурасы түнде 2…7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 дейін суық болады.

«Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы және жауын-шашынды болады. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендеуі мүмкін», — деп түйіндеді метеорологтар. 

Синоптиктер жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.