{metadescription}
Қостанай облысында ер адам күйіктен қайтыс болды

Қостанай облысында ер адам күйіктен қайтыс болды

Қостанай облысында үйдегі электр сымдарынан өрт шығып, салдарынан 58 жастағы ер адам қаза тапты.

Қостанай облысында ер адам күйіктен қайтыс болды. Қайғылы жағдай Жітіқара ауданындағы ауылдың бірінде болған. Өрт таңертең шығыпты. Үй толығымен жанып кеткен. Жалын 30 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнынан денесін күйік шалған ер адамның мәйіті табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, өрт электр сымдарын дұрыс пайдаланбағандықтан шыққан. 

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде