Көз жұмған жұмысшы балаларды емдеуге 11 млн долларды өсиет етіп қалдырды
Нейман мұндай қаражатты жинау үшін барынша үнемшіл болған.
11:40 30.12.2018
Американың Вашингтон штатында 64 жасында обырдан қайтыс болған қарапайым әлеуметтік жұмысшы Алан Нейман ауру балаларға көмек көрсететін қайырымдылық қорына 11 миллион долларды өсиет етіп қалдырды.
Нейман мұндай қаражатты жинау үшін барынша үнемшіл болған. Достарының айтуынша, ақша көбірек қажет жандар бар екенін көрген Нейман өзіне ақша жұмсауды доғарған. Өз балалары болмағанымен бүлдіршіндерді өте жақсы көрген. 11 миллион доллар жинау үшін Нейман үш жұмыста қатар еңбек еткен. Оның үстіне оған ата-анасынан мұра боп қалған азын-аулақ қаражат та болған. Өмірінің соңында бүкіл қаражаттарын Нейман қайырымдылық қорларына өсиет етіп қалдырды. Нейманды білетіндер оны нағыз ер деп атайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!