{metadescription}

Семейде тұрғын үй өртеніп, 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Семей қаласында бес қабатты үйдегі өрт салдарынан 93 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«1 қаңтар күні сағат 12:22 кезінде өртке қарсы қызметке Семей қаласында бес қабатты үйдегі өрт туралы хабар келіп түсті. Тілсіз жау бірінші қабатта 10 шаршы метр жерді шарпыған. Қызыл жалын сағат 13:41-де ауыздықталып, 13:56-да толықтай өшірілді», - делінген таратылған мәліметте.

Өрт сөндірушілер күшімен 93 адам қауіпсіз дерге көшірілді, оның ішіне 25 бала бар. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның жеке құрамындағы 37 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде