2018 жылы әлемде 94 журналист мерт болған
2018 жылы 94 журналист мерт болған.
10:26 02.01.2019
Федерация есебіндегі дерек бойынша, 94 журналисттің кейбірі қақтығыс аймағында немесе теракт кезінде қаза тапқан. Кейбірі қасақана өлтірілген. Журналистер өлімі бойынша Ауғанстан алда тұр.
Брюссельде орналасқан ұйымның есебінше, 2017 жылы әлемде 82 журналист қаза тапқан. IJF тілшілер өліміне қатысты есепті 1990 жылдан бері жүргізіп келеді. Ұйым дерегінше, журналистер өлімі ең көп тіркелген - 2006 жылы 155 медиа қызметкері қаза тапқан.
30 сәуірде ДАИШ содырлары мойнына алған Кабулдағы екі терактіден кем дегенде 25 адам қаза тапқан. Олардың қатарында Азаттықтың Ауған қызметінің екі журналисі мен өзге де ақпарат құралдарының бес қызметкері болған.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!