{metadescription}
Қарағандыда мейрамханалардың бірінің маңынан ер адам өлі табылды

Қарағандыда мейрамханалардың бірінің маңынан ер адам өлі табылды

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде қанды төбелес болды.

Қанды оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде орын алды. Полицияның алдын-ала нұсқасы бойынша, жастар ішімдік ішкеннен кейін сөзге келіп қалған. Олар мейрамханадан шыққаннан кейін, арты қанды төбелеске ұласқан. Бірі қалтасынан пышақ шығарып, танысын, сондай-ақ, тағы үш адамды жарақаттайды. Күдікті оқиға болған жерден қашып үлгерді.

«Зардап шеккен жас жігіт дәрігерлер келген кезде қайтыс болып кеткен. Кеудесіне пышақ тиген тағы бір ер адамға ота жасалды. Қазір жағдайы ауыр. Бұлардан өзге екі адамға көмек көрсетіліп, олар үйлеріне кетті», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айжан Иса.

Қазір полиция қызметкерлері бұл істі 99-бап, Адам өлтіру фактісі бойынша тергеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде