Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 қаңтар
Бұл Григориан күнтізбесінде 3-ші күн, жыл соңына дейін 362 күн бар.
08:39 03.01.2019
3 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар
1934 жылы КСРО-да ұшақтарды радиолокациялық әдіспен анықтау жүйесі сынақтан өткізілді;
1959 жылы Аляска түбегіне АҚШ-тың 49-штаты мәртебесі берілді;
1977 жылы Apple фирмасының алғашқы компьютері шығарылды.
3 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1996 жылы Қазақстанның мемлекеттік автоинспекциясының атауы жол полициясы болып өзгерді;
2005 жылы Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа мемориалды тақта ашылды;
2007 жылы Семейде қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтары табылды.
3 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар
1892 жылы ағылшын жазушысы, тіл маманы, ақын, филолог, Оксфорд университетінің профессоры Джон Толкин дүниеге келді. «Жоғары фэнтези» классикалық туындыларының авторы ретінде танымал: «Хоббит, или туда и обратно», «Властелин колец» және «Сильмариллион»;
1905 жылы кеңестік кенші, көмір өнеркәсібіне жаңашылдық әкелген адам, Стаханов қозғалысының негізін қалаған Алексей Стаханов өмірге келді. Социалистік Еңбек Ері (1970);
1956 жылы америкалық-австралиялық актер, режиссер, сценарийші және продюсер, екі мәрте «Оскар» жүлдесі мен «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты Мел Гибсон туды. Австралия орденінің құрметті офицері.
1969 жылы неміс автошабандозы Михаэль Шумахер дүниеге келді. Әлемнің жеті дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін вице-чемпионы және үш дүркін қола жүлдегері.
Ай күнтізбесі
Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін эмоциналды тұрғыдан айтарлықтай қиын күн болмақ. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, «жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн». Әбден ойда пісіп-жетілген, егжей-тегжей жоспарланған істі ғана бастауға кеңес береміз. Әйтпесе қиын жағдайға тап болып, проблемалармен бетпе-бет келуіңіз мүмкін.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!