Жақында кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады
WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істеуін тоқтататын болады.
11:39 03.01.2019
Кейбір құрылғыларда WhatsApp мессенджер қолдамайтын болады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды. Осылайша Android 4.0 нұсқасынан төмен смартфондардың иелері бұл қосымшаны пайдалана алмайды. Осындай өзгерістер iPhone-да 8.0 нұсқасынан төмен, ал Windows Phone-да 8.1 нұсқасынан төмендері бұл қосымшаны пайдалана алмайды.
Nokia S40 операциялық жүйесі бар телефон иелері WhatsApp қосымшасын жүктеп те, қолдана да алмайды. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан кейін осы өзгерістер Android 2.3.7 және одан ескі нұсқадағы телефон моделіне, сонымен қатар iOS 7 және одан да ескі нұсқаларына әсер етеді. Айта кету керек, компания осы операциялық жүйелердің дамуымен айналыспағандықтан, кейбір функциялар кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!