Қарағандыда денесін күйік шалған әйелдің мәйіті табылды
Қарағандыдағы Октябрьский ауданында бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты.
12:06 03.01.2019
Өрт сөндірушілер 32 адамды құтқарды, оның бесеуі бала. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 1937 жылғы әйелдің күйік шалған мәйіті табылды. Сондай-ақ, түтіннен уланған 1988 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды сөндіруге 22 адам және Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!