{metadescription}
Ұялы телефон жарылысы салдарынан ер адам қайтыс болды

Ұялы телефон жарылысы салдарынан ер адам қайтыс болды

Үндістанда 60 жастағы адам телефон жарылысы салдарынан қайтыс болды.

Үндістан ауылдарының бірінде ұялы телефон жарылысынан кейінгі күйіктен 60 жастағы қарт адам қаза болды. Өлген ер адам әйелінің айтуы бойынша, қалтасына ұялы телефонын салып, кереуетке жатқан. Түнде аккумуляторы жарылған. Үндістандық азамат алған жарақаттардан қайтыс болды. Хабарламаға сәйкес, ол Reliance Jio Infocomm компаниясының ұялы телефонын қолданған.

JioPhone – Үндістанның мобильді операторы Reliance Jio компаниясының үкіметтік қолдауымен таратылған өте арзан телефоны. Қайтыс болғанға дейін екі ай бұрын 16 долларға сатып алған. Оқыс оқиғадан кейін көптеген ауыл тұрғындары JioPhone телефондарынан сапасыз екенін айтып, дереу бас тартқан. Жергілікті билік тергеу жүргізуді астаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.