Жаңа жылда жалғыз баспанасы өртенген ақтөбелік отбасы далада қалды
Ақтөбеде баспанасы өртенген 7 жан далада қалды.
18:39 03.01.2019
Үш ай бұрын несиеге сатып алынған үй тұруға жарамсыз.
«Біз ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап келгенбіз. Үш ай бұрын банктен несие рәсімдеп, сол ақшаға баспана сатып алған едім. Қазір үйсіз қалып, несиені төлеуге мәжбүр болып отырмын. Әкімдік қызметкерлері келіп, суретке түсіріп кетті. Өзге хабар жоқ», - деді Саламат Жетігенов.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, арнайы техника және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Өрт 03:56 минутта ауыздықталып, 04:07-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!