Екібастұзда 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылды
Екібастұзда 11-сынып оқушысы петарда жарысылысынан соң ауруханаға түсті.
12:47 04.01.2019
«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыру Бөгенбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйден түскен. - №18 мектептің оқушысы екі қолының да жыртылған жарасымен жарақат пунктіне жеткізілді», - деді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, Жаңа жылды мерекелеу кезінде орын алған оқиғалар салдарынан ауруханаға түскен жас адамдар көп.
«Бүгін Екібастұзда түнгі сағат 1-де екінші қабаттан мас күйдегі 18 жастағы қыз құлады. Ол жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу, іштің сыздап ауруы деген диагноздармен жарақат пунктіне жеткізілді», - деді Эльмира Темірғалиева.
Сонымен қатар, өткен түнде Екібастұздың травматологиялық пунктіне екі аяғын екінші және үшінші дәрежеде үсік шалған 54 жастағы ер адам түскен.
Дереккөз: pavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!