{metadescription}
609 теңгеге Түркістаннан Шымкентке жүрдек пойызбен жетуге болады

609 теңгеге Түркістаннан Шымкентке жүрдек пойызбен жетуге болады

«Түркістан -Шымкент» бағыты бойынша жүрдек пойыз қатынай бастады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болған Түркістан облысы құрылды.

«Түркістан -Шымкент» бағытындағы жүрдек пойыз аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері жүреді.  Жолдағы уақыты - 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны - 175. Вагондар заманауи жылыту және салқындату жүйелерімен жабдықталған.

Сондай-ақ арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар мен арнайы орындар бар. Жол ақысы 609 теңгені құрайды. Сондай-ақ атап өтілгендей, биылдын бастап  «Қаламаңы тасымалы» АҚ аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» бағыттарын іске қосты. «Түркістан-Бадам» пойызының жолдағы уақыты  3 сағатты құрайды және компания бұл бағытты Шымкент қаласына дейін ұзартуды жоспарлауда. «Түркістан-Сарыағаш» бағыты жаңа әкімшілік орталықты облыстың оңтүстік аудандарымен байланыстырады. Жолдағы уақыт - 5 сағат 20 минут.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде