{metadescription}
Түзеу колониясындағы өрт: 6 әйел мерт болды
Ирак астанасы Бағдад қаласындағы түзеу мекемесінде болған өрт салдарынан алты әйел қаза тапты.
14:50 05.01.2019
Келеңсіз жағдай Азамия ауданындағы үйсіздерге арналған түзеу мекемесінде болған. Телеарнаның деректерінше, тұтқындар арасында жанжал туындап, оның аяғы өртке соқтырған. Кейбір БАҚ-тар өрт салдарынан 9 әйел ажал құшып, 20-дан астамы жарақаттанғандығын, олардың екеуі пышақ жарақатынан, өзге жетеуі өрт салдарынан көз жұмғандығын жазуда.
Дереккөз: inform.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!