Оқушылар толы автобус шатқалға құлады
Апат Үндістанның Химачал-Прадеш штатында болды.
10:30 06.01.2019
Оқушылар толы автобус шатқалға құлады. Апат Үндістанның Химачал-Прадеш штатында болды. Оқиға нәтижесінде, 6 бала мен жүргізуші қайтыс болды. Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы шатқалға мектеп автобусының құлауының нәтижесінде алты бала мен қырық жастағы жүргізуші көз жұмды. Бұл туралы сенбі күні, 5-қаңтарда хабарланды.
Қайғылы оқиға Сирмур өңірінде, Санграх қаласының маңында болған. Он екі оқушы әртүрлі жарақаттар алған және ауруханаға жеткізілген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүргізуші жолдың күрделі бөлігінде рөлді бақылауда ұстай алмай қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!