{metadescription}

Отшашу көру үшін балконға шыққан бала, оққа ұшып қайтыс болды

Жаңа жылдық кеште Дербенттің ауруханасында оққа ұшыраған үш жасар бала қайтыс болды.

1 қаңтарға қараған түні бала жаңа жылдық отшашуды көремін деп балконға шыққан. Белгісіз біреу қарудан оқ атқан, оқ баланың басына тиген. Бала Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр болғандықтан, оны басқа медициналық мекемеге ауыстыру мүмкін болмады. Алайда, балаға көмектесу үшін ауруханаға Склифосовский атындағы мәскеулік мекеменің жетекші реаниматологы келген еді.

«Оқ мидың ең маңызды құрылымдарына зақым келтірді. Алынған жарақатпен өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді», — деді Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Үш жасар бала 5-қаңтар күні сағат 11:00 шамасында қайтыс болды. Оның туысқандары баланың есін жимай көз жұмғанын айтты. Оқты шығару үшін ота жасалмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде