Әйел жүкті болып қалып, комада жатып бала босанды
Бір-екі күн бұрын оның сап-сау баласы дүниеге келді.
12:32 06.01.2019
Әйелдің есін жимағанына 10 жыл болды. Аризон штаты, Фениск қаласында орналасқан аурухананың науқасы комада жатып бала босанды. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әйелдің комада жатқанына 10 жыл болды. Әйел зорланғаннан кейін жүкті болып қалып, бала босанып отыр. Дәрігерлер және құқық қорғау органдары осыған сенімді.
Өмірге келген сәбидің жағдайы жақсы. Алайда комада жатып босанған әйелдің оқиғасы полицияның қызығушылығын тудыртты. Ауруханада тексеріс жұмыстары басталып кетті.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!