Шахта опырылып, 30 адам опат болды
Ауғанстанның солтүстігінде алтын өндіретін шахта опырылып, кемі 30 адам опат болды.
08:37 07.01.2019
Қайғылы оқиға Бадахшан провинциясының Кохистан ауданында болды. Жерастынан 15 адамды алып шығу мүмкін болды. Олардың көбі жарақат алған, жағдайлары ауыр. Pajhwok агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап таратқан мәліметіне сай, құрбан болғандар - заңсыз түрде алтын қазумен айналысқан жергілікті тұрғындар. Бадахшанда үшінші күн қатарынан толассыз қар жауып тұр. Соның кесірінен көптеген автожолдар жабылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!