{metadescription}
Қарағандыда жүздеген адам биліктен кісі өліміне кінәліні табуды талап етті

Қарағандыда жүздеген адам биліктен кісі өліміне кінәліні табуды талап етті

Қоғам өкілдерінен бірнеше адам, қаза болған жігіттің туыстары әуелі ішкі істер басқармасында басшылармен кездескен.

6 қаңтарда Қарағанды қаласында жүздеген адам көшеге шығып, жаңа жыл түнінде мейрамханадағы жаппай төбелес кезінде мерт болған жігіттің қазасы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысы жайлы билік орындарының түсініктеме беруін талап етті.

Facebook әлеуметтік желіcін қолданушы Гүлден Жандильдинованың оқиға орнынан жүргізген тікелей трансляциясындағы видеода жиналғандар арасынан кейбіреулердің «қылмыс жасағандар амалын тауып құтылып кетпесін» деген сөздері естіледі. Жиналған халық алдына облыс әкімі Ерлан Қошанов келіп, қылмыстық оқиғаны құқық органдары тексеріп жатқанын хабарлады.

1 қаңтарға қараған түні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында клиенттер арасында кикілжің шығып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде пышақталған бір адам жан тапсырған. Денесіне пышақ тиіп жараланған екі жігіт ауруханадан шықты деп хабарлады 3 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Көкірек қуысына пышақ кірген үшінші адам қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты» деп бағалап отыр. Полиция «кісі өлімі» және «бұзақылық» баптарымен қылмыстық іс қозғалғаны, қылмысқа күдікті үш адам ұсталып, біреуіне іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде