ФОТО: Өскеменде көрші екі ер адам балаларды өрттен құтқарып қалды
Өскеменде көрші екі ер адам балаларды «Титан» бау-бақша қоғамдастығы аумағында болған өрттен құтқарып қалды.
10:24 07.01.2019
Өрт шыққан үйде 2014 және 2012 жылғы балалар болған. Мәліметтерге сәйкес, балалардың анасы пеш жағып, кейін өз шаруасымен сыртқа шығып кеткен. Балалары болса, үйде жалғыз қалған.
Түтінді екі көрші - Арман Қайсенов пен Геннадий Семиков байқап, ойланбастан көмек қолын созған. Терезені сындырып, жанып жатқан үйге кіріп, балаларды дереу алып шыққан. Оқиғаны көргендер дереу өрт сөндірушілерді шақырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!