Иранда жер сілкінісі болып, 70-тен астам адам жарақаттанды
Иранда тербелісі 5,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.
12:14 07.01.2019
Жәбірленушілердің көпшілігі аздаған жарақаттар алды. Иранның батысында, Ирак шекарасына жақын жерде, жер сілкінісі болды, нәтижесінде 75 адам жарақат алды. Иранның медициналық қызмет басшысының айтуынша, Керманшах провинциясындағы жер сілкінісі нәтижесінде зардап шеккендердің көпшілігі шағын жарақат алған. АҚШ-тың геологиялық қызметі 5,9 балл болатын жер сілкінісін тіркеді, бірақ кейінірек 5,5-ке дейін азайған.
Айта кетейік, 2003 жылы аса күшті жер сілкінісі Иранның 26 мыңнан астам адамның өмірін алып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!