Малайзия королі тақтан бас тартты
«Мәскеу аруы-2015» атағының иесі Оксана Воеводинаға үйленген Малайзия патшасы Мұхаммед V мерзімінен бұрын тақтан түсті.
14:19 07.01.2019
2016 жылы Малайзия тағына отырған Мұхаммед V патша мемлекет заңдарына сәйкес, тағы 3 жыл көлемінде монарх болып қала алар еді. Бұрынғы король енді Келантан штатына бұрынғыдай сұлтан болып бармақ. Оның тақтан не себепті бас тартқаны мәлімдемеде айтылмайды. Малайзияда патша сайлауы 5 жылда бір рет болады.
Малайзия 1957 жылы тәуелсіздігін алғалы бері бұл елде алғаш рет король биліктен бас тартып отыр. 2016 жылы Келантан штатының сұлтаны Мұхаммед V Малайзия королі болып сайланған. Бесінші Мұхаммедтің мұндай шешімі 2018 жылдың қараша айында өміріндегі болған жағдайға байланысты болуы мүмкін деген болжамдар жоқ емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!