{metadescription}

Тәжікстанда сотталушылармен кездесу тәртібі қатайған

Тәжікстанда Худжанд түрмесіндегі бүліктен кейін, жазасын өтеушілерді бақылау тәртібі күшейген.

Душанбе тұрғыны Гулчехра №1 абақтыда жазасын өтеп жатқан немере інісіне тұрақты барып, жағдайын біліп тұратын. Туысы екі жыл бұрын адам өлтірді деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылған.

Екі апта бұрын билік өкілдері Гулчехраның түрмедегі туысымен кездесу жөніндегі өтінішін кері қайтарған. Ол бұдан былай жолығуға тек ең жақын туыстарына – ата-анасы, әйелі, балаларына ғана рұқсат берілетінін айтты дейді.

Ал билік өкілдері болса сотталушылардың туыстарымен кездесуіне ешқандай қатаң ереже енгізілмегенін айтады. Жазаны орындау басқармасы басшысының орынбасары Илхом Махмудов заң талаптары өзгермеді дейді.

«Әдеттегідей, ережеге сәйкес сотталушылармен кездесуге жеке істеріне көрсетілген жақын туыстарына ғана рұқсат беріледі», - деп атап өтті Махмудов.

2018 жылдың 8 қарашасында Худжантағы №3/3 абақтысында сотталушылар бас көтерген. Ресми мәлімет бойынша, 23 жазасын өтеуші қаза тапқан. Бүлік кезінде екі түрме қызметкері қайтыс болып, бес күзетші ауыр жараланған. Тәжікстан билігі бүлікті басу кезінде тек ғана «ауыр қылмыспен және терроризм ісі бойынша сотталғандар өлтірілді» деді.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.