Әлем бойынша ең күшті іздестірілген лаңкестердің бірі өлтірілді
Америкалық әскерилер Джамаль Ахмед Мұхаммед Әли әл-Бадауи есімді йемендік лаңкесті өлтірді.
10:25 08.01.2019
«Біздің «Әл-Каидаға» қарсы жұмысымыз жалғасып жатыр. Біз радикалдық исламдық лаңкестікпен күресімізді ешқашан тоқтатпаймыз», – дейді Трамп.
Әл-Бадауи 1 қаңтарда Йемендегі Мариб провинциясында әуе соққысының салдарынан көз жұмған. Операция кезінде ол көлікте жалғыз болған. Әл-Бадауи АҚШ-тың ФТБ нұсқасы бойынша ең күшті іздестірілген лаңкестер тізіміне кірген. Оның тұтқындалуына көмек ретінде берілген мәлімет үшін сыйлық ретінде 5 миллион доллар (1 млрд 980 млн теңгеден аса) тағайындалған.
2004 жылы Йеменде лаңкес өлім жазасына кесілген. Артынша бұл жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға алмастырды. Әл-Бадауи бірнеше рет түрмеден қашып кеткен. Нәтижесінде 2007 жылы түрмеден босатылып, ол жергілікті билікке адалдық танытуға уәде берген еді. Сол кезден бастап АҚШ оны іздестіре бастаған.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!