{metadescription}
23 жастағы өзбек жігіті Ресейде болған жарылыста 8 адамды құтқарды

23 жастағы өзбек жігіті Ресейде болған жарылыста 8 адамды құтқарды

Өзбекстандық Аламафруз Абдуллаев Магнитогорскте көпқабатты үйдің жарлысы кезінде 8 адамды аман алып қалды.

31-желтоқсан күні Аламафруз Абдуллаев  әдеттегідей, намаз оқу үшін ерте тұрған. Жарылысты естіген. Күртесін киіп, сыртқа жүгіріп шыққан. Жігіт өзігің 8 адамды құтқаратынын білмеген.

«Өзімді батыр санамаймын. Мұсылмандар қауымы меірімді және әрқашан өзгелерге көмектесуге дайын тұрады», - деді Аламафруз Абдуллаев.

Жас жігіт 8 жыл бұрын Ресейге көшіп келген. Ресей азаматтығын ала алмаған. Ресейде достары мен туыстары көп. Бірақ туған жерін ұмытпайтынын айтады. Өзі кудо күрескері.

Айта кетейік,  жаңа жыл түні Магнитогорскте газ жарылысы болып, үй подъезі опырылып құлаған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.